Самар ауданында 40 жылдан кейін салынып жатқан жаңа бастауыш мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде жұмыстың 60 пайызы аяқталған, деп хабарлайды F16.kz.
Мердігер нысанды қараша айында толық бітіруді жоспарлап отыр. Айтуларынша, құрылыс материалдары, техника және жұмысшылар толықтай жеткілікті.
Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Қазан айының соңына дейін нысанды аяқтаймыз деп отырмыз. Нысан ішінде шағын орталығы, спорт залы бар. Барлық жағдай жасалған мектеп болады. Қазір екінші қабаттың төбесін жауып жатырмыз. Ал бірінші қабаттың ішін әрлеу жұмыстары басталып кетті. Мұнда жертөле де бар. Оны да жылылап істедік. Мектеп толықтай электр қуатымен жылытылады, – дейді мердігер компанияның өкілі Архат Оралбекұлы.
Айта кетейік, салынып жатқан білім ошағын аудан халқы көптен күткен.
Мектеп 150 балаға арналған, оның ішінде 30-ы шағын орталықта білім алады. Құрылыс жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілуде. Бұл құрылыс Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы бойынша басталды. Мектеп ауданныңдамуына жаңа серпін береді. Біз үшін балалардыңзаманауи әрі қолайлы жағдайда білім алуы өтемаңызды. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкесжүргізіліп жатыр, барлық істі уақытындааяқтаймыз деп күтеміз, – деп атап өтті Самар ауданының әкімі Серік Жеңісұлы.
Аудан әкімі аталған нысанның құрылыс жұмыстары уақтылы және сапалы жүргізілуін басты назарда ұстап отыр.




