ШҚО құтқарушылар биылғы шомылу маусымын қорытындылады. Осы аралықта 13 адам құтқарылып, жеті адам, соның ішінде екі бала суға кеткен, деп хабарлайды F16.kz.
Мамандардың айтуынша, қайғылы жағдайдың барлығы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген.
Судағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілгенімен, адам өлімімен аяқталған жағдайлар болды. Негізгі себеп — қатты ағыс пен тереңдікті бағамдамай шомылу, — деп жазды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Биылғы шомылу маусымы кезінде ТЖД-ның аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер қауіпсіздік шараларының алдын алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізген. 1600-ден астам рейдтер мен патрульдер ұйымдастырылған. Нәтижесінде, су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бұзған және балаларды қараусыз қалдырған 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.




