Өскеменде әлеуметтік көмір бағасы қымбаттады, деп хабарлайды F16.kz.
Аумақтың басқару орталығы №11 филиалының мәліметіне сүйенсек, 8 қыркүйектен бастап әлеуметтік көмірдің бағасы өзгереді.
Баға қымбаттады. Қазір әлеуметтік бағамен сатылатын көмірдің тоннасы 16 500 теңгені құрайды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қатты отынның 1 тоннасы 15 700 – 16 200 теңге аралығында болған.
Ал, оммерциялық көмірдің бағасы қазір тоннасына 17 000 теңге.




