27 қыркүйек күні Шығыстың бас шаһарында «TourEast Kazakhstan» туристік фестивалі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Шара ұйымдастырушылары саяхаттағанды ұнататын кез келген өңір тұрғын фестивальға қатысуға шақырады.
Сіздер туризм мамандарымен кеңесіп, шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік аласыздар. Сондай-ақ концерт пен түрлі байқаулар, көрмелер өткізу жоспарда бар, — делінген хабарламада.
Бағдарлама төмендегідей:
Туристік өнімдер көрмесі, туроператорлар, демалыс орындары және пантолиман емханаларының таныстырылымдары;
Түрлі ұтыс ойындары мен естелік сыйлықтар;
«Жас турист» оқушыларға арналған ойын алаңы;
Фольклорлық ансамбльдер, бардтар және арнайы қонақ, «Сәлем, астана!» әнінің авторы Серік Мұсалимовтың қатысуымен концерт;
Би студияларының шеберлік сабақтары;
Йога және медитация бойынша шеберлік сабақтары;
Жергілікті өнім өндірушілердің жәрмеңкесі;
Туристік жабдықтар мен құрал-жабдықтар жәрмеңкесі;
Қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі және халықтық қолөнер шеберлерің шеберлік сабақтары.
Фестиваль 27 қыркүйек күні сағат 10.00-де Солжағалау саябағында өтеді. Кіру тегін.




