Қазақстан нарығында ірі қара малдың еті күрт қымбаттады. Енді «тауық етінің бағасы шырқап кетпей ме?» деген алаңдаушылық туып отыр қоғамды. Бұл сұраққа сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жауап берді, деп хабарлайды F16.kz.
Министрдің айтуынша, қыркүйектің басынан бері тауық еті бағасының индексі небары 0,1% өскен, ал тамыздан бері бар-жоғы 1% ғана қымбаттаған.
Бұл – қалыпты көрсеткіш. Сондықтан құс етінде бағаның қатты құбылуын күтпейміз, – деді ол.
Қазір елдің барлық өңірінде сиыр етінің қымбаттауына қатысты жедел желі іске қосылған.




