F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«AMANAT» партиясы Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета бастады

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
30.09.2025, 15:07
Басты, Жаңалықтар
Фото: «Amanat» партиясы

Фото: «Amanat» партиясы

Бүгін Алматы облысы Тарғап ауылы тұсындағы кемпинг-алаңда ауқымды экологиялық бастама – «Taza Qazaqstan» road-эстафетасының ашылу салтанаты өтті. Бір аптаға жалғасатын ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсереді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі «Amanat» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаға «Жастар Рухы» жастар қанатының мыңдаған белсендісі мен жергілікті тұрғындар атсалысады. Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек өз сөзінде жаһандық ғылыми қауымдастық ондаған жылдан бері климаттың өзгеруі, су тапшылығы, ауаның ластануы, орман өрті, топырақтың құнарсыздануы сияқты экологиялық апат қаупі туралы дабыл қағып келе жатқанын атап өтті. Алайда қоршаған ортаны қорғауда тек мемлекет күшінің жеткіліксіз екені айқын, бұл – әрбір азаматтың міндеті. Сондықтан «AMANAT» партиясы road-эстафета арқылы әр қазақстандықтың табиғат пен тарихи мұраны қорғауға үлес қоса алатынын, ал бірлесіп әрекет етсек, экологиялық апаттың алдын алып, елді болашақ ұрпақ үшін жасыл әрі қауіпсіз етіп сақтай алатынымызды көрсетеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» бұл – бір күндік науқан емес, бұл – біздің өмір салтымыз, сондықтан тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Осы сөздер біздің идеялық тұғырнамамызға айналды. Қоғамда табиғатқа, тарих пен мәдениетке, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау әдетін орнықтыру қажет. Жастардың бойына нағыз экологиялық патриотизмді сіңіріп, жауапты мінез-құлық қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз, – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, эстафета аясында тек қоқыс жинау ғана емес, депутаттардың халықпен кездесулері, жастарға арналған open-air іс-шаралары, қоғамдық қабылдаулар және таза ауада «Чемпиондық рух» жаттығулары өтеді. Сонымен қатар «Вандализмге жол жоқ!» жобасы шеңберінде «Тұлғалар тұғыры» мемориалдық кешені, «Ақыртас» сарай кешені, «Бірлік» монументі және ежелгі Сауран қалашығы сияқты тарихи нысандар тазартылып, абаттандырылады. Осылайша road-эстафета табиғатты қорғау, мәдени мұраны сақтау және экологиялық патриотизмді қалыптастыру міндеттерін тоғыстырады.

Бұған қоса, акциямыз мәдени-ағартушылық миссиясын да атқарады. Жастар мұндай жұмыстар арқылы тарихты тереңірек танып қана қоймай, табиғат пен мәдени мұраға құрметпен қарауды үйренеді. Себебі кез келген ескерткішті бүлдіру – халықтың тарихи жадына қастандық жасаумен тең. Осыдан екі жыл бұрын «Жастар Рухы» жастар қанаты вандализмге қарсы қоғамдық петицияны қолдаған болатын. Кейін сол бастама вандализмге қарсы жауапкершілікті күшейтетін заңның негізіне айналып, оған өткен жылы Мемлекет басшысы қол қойды, – деді «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Никита Шаталов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық эстафетаның қоғамдық маңызына тоқталды.

Бұл эстафетаға депутаттар да, жастар да, волонтерлер мен жергілікті қауым өкілдері де бірдей атсалысуда. Барлығының мақсаты – табиғаттың тазалығын сақтау, тарихи-мәдени мұраны қорғау. Осындай игі бастамалар жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастырып, ел ішінде патриотизм мен ауызбіршілікті арттыра түседі. Бұл – әрбір азаматты елдің келешегіне жауапкершілікпен қарауға үндейтін қозғалыс, – деді халық қалаулысы.

Акция аясында белсенділер мен волонтерлер жол жиегін, автотұрақтар мен кемпинг аумақтарын тазалайды. Жұмыс квадрокоптерлер арқылы жүргізілген аэробарлау деректеріне сүйене отырып ұйымдастырылады. Жиналған қоқыс полигондарға жеткізіледі.

Қазақстан – ұлан-ғайыр даласы бар, табиғаты әр алуан мемлекет. Кең байтақ жері мен қайталанбас табиғатымен таңғалдыратын ел. Бірақ осынау кең көсілген байтақ жерімізде қоқыс үйінділері көзге түсіп, әсем табиғаттың ажарын кетіріп жатады. Өткен жылы «Жастар Рухы» жастар қанатының 2 мыңнан астам белсендісі мен жақтастары Астанадан Алматыға дейінгі 1200 шақырымдық жолды жүріп өтіп, 100 тонна қоқыс жинады. Биылғы міндет – тек қоқыс жинап қана қоймай, оны сұрыптап, елдің экологиялық мәдениетін дамытуға үлес қосу. Бұл игі іске әр қазақстандық үлес қоса алады. Республикамызды бірге таза әрі жайлы мекенге айналдырайық, – деді «Қоғамды экологиялық дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Танир Ясса.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» акциясы аясында «AMANAT» партиясының мүшелері мен «Жастар Рухы» белсенділері бір жарым жылға жетпейтін уақытта 1000-нан астам ластанған аумақты тазартып, абаттандырды. Іс-шараларға 90 мыңға жуық адам қатысып, 160 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Экологиялық мәселелерді шешу – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы маңызды басымдықтардың бірі. 2027 жылға дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 36%-ға дейін арттыру, Жайық өзенінің экожүйесін қалпына келтіру, Балқаш көліне тұрақты су ағынын қамтамасыз ету, ауа сапасының индексін енгізу, кәсіпорындардың ластаушы заттар шығарындыларын 40%-ға дейін төмендету, сондай-ақ 14 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 16 қойманы қайта жаңғырту жоспарланған.

Тегтер: AMANATпартиясенбілікТаза ҚазақстанТазалық
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған