Ертең облыстың кей аудандарында жауын-шашын болып, соңы қарға ұласады, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, өңірде салқын және жауын-шашынды ауа райы сақталады.
2 қазан күні облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын, шығысында қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ болып, тұман түседі, — делінген Қазгидромет хабарламасында.
ШҚО ТЖД мамандары қолайсыз ауа райында, көктайғақта көлік жүргізушілеріне жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтау керектігін еске салады.
Жолдың жағдайы мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасын алуға болады.




