Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы талданады.
Нақтырақ айтқанда әлеуметтік желілерді лезде қамтып, қоғамда алаңдаушылық тудырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал ететін жарияланымдардың күрт артуы әңгіме арқауына айналады. Мұндай толқындар өздігінен пайда болмайды: олардың артында тұтас технология тұр — боттар желісі, тапсырыс берілген пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды жалған ақпарат. Мақсат – қоғамды дүрліктіріп, жаппай наразылықтың жалған иллюзиясын қалыптастыру.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сізге шынайы мәселені қолдан жасалған ақпараттан ажыратуға көмектеседі. Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және бұл мәліметпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.




