Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, солтүстік пен шығыс өңірлерінде ауа температурасы -13°С-қа дейін төмендейдеуі мүмкін.
Алдағы күндері елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ауа райы ашық болады. Тек солтүстік және шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – делінген хабарламада.
ШҚО-да түнгі уақытта -5…-13°С дейін, күндіз +3…+11°С шамасында болады.




