Ертең Бозанбайдағы Бүркіт төбе алаңында «Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық фестивалінің ашылуы өтеді. Биыл бесінші рет өткізілгелі отырған дәстүрлі шараға қонақтардың алғашқы легі келе бастады, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін Мәскеу мен Мажарстаннан келген делегациялар Бозанбай ауылына табан тіреді.
Жарысқа қатысу үшін арнайы келдім. Себебі Ресейде мұндай ауқымды шаралар өткізілмейді. Мол тәжірибе жинайтыныма сенімдімін. Қазақтың дәстүрлі бүркітшілік мектебінің тарихы тереңде жатыр. Осы мектепті зерттеу менің құсбегілікпен ісіме және үйрету әдістеріме тың серпін беретініне сенемін, — деді фестиваль қонағы, Мәскеуден келген Александр Малахов.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық фестиваль 8-11 қазан аралағында өтеді. Шарағда Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Моңғолия, Венгрия, Қырғызстаннан келген қатысушылар да бақ сынайды.




