11 қазан күні облыс орталығындағы «Алтай» көтерме-тарату орталығында риддерлік өнім өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары ет, сүт өнімдері мен көкөністерді қолжетімді бағада ала алады.
Риддерден 100 кг-ға жуық дәмді шұжық және ірімшік өнімдерінің кең ассортименті, 5 тонна картоп, 6 тонна сиыр еті, 6 тонна жылқы еті, 4 тонна қой еті мен құс еті ұсынылды, — дейді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ Риддердің мәдени күндері аясында бірқатар шаралар жоспарланған.




