Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті қолдауға биыл 92 млрд теңге бағытталып, 240-қа жуық жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды F16.kz.
Соның нәтижесінде биылғы сегіз айда шағын және орта бизнестен түсетін кіріс 14%-ға өсіп, 116,8 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция 17%-ға артып, 317 млрд теңге болды. Бүгінгі таңда бизнесті қолдап қана қоймай, экономикалық өсудің жаңа құрылымын құру қажет. Мемлекет басшысының ірі кәсіпорындардың қатарында шағын және орта бизнес белдеуін қалыптастыру туралы тапсырмасына сәйкес аймақта шағын кәсіпорындар мен ірі компаниялар арасындағы байланыстырушы буын болатын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде Құзыреттер орталығын құру жоспарланған, — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Бұл ұсыныстарды, әсіресе арнайы киім, шығын материалдары мен қызметтерді өндіру саласында шоғырландыруға, жеткізудің тұрақты тізбегін құруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда бизнес пен облыстың атқарушы органдарын байланыстыратын, құрамы өңірдің ірі кәсіпкерлерінен тұратын іскерлік кеңес құрылған.




