2008 жылы салынған Привольное ауылындағы спорт кешеніне қазір кешенде 65 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілп жатырү ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданыны жұмыс сапары кезінде нысанды аралып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды F16.kz.
Былтыр мұндай «Багратион-2» шаруа қожалығының басшысы Василий Воропайдың қаржылай қолдауымен 35 млн теңгеге шатыр орнатылған.
Аталмыш кешенде армрестлинг, керлинг және шайбалы хоккей бойынша 6 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Қазіргі күні 132 спортшы айналысады. Олардың ішінде әлем чемпиондары және жүлдегерлері бар көрінеді.
Сондай-ақ сапар барысында аймақ басшысы Привольное ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны аралады. 2015 жылдан бері жұмыс істеп тұрған медициналық мекеме бір ауысымда 24 адамды қабылдай алады. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және жергілікті бюджет есебінен 110,7 млн теңге бөлініп, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.




