Бұл жолы бағалы металды заңсыз өндіргендер Самар ауданының Кеңқарын учаскесінде қолға түсті, деп хабарлайды F16.kz.
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД бірлесіп, жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі.
Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен. Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты, — дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленген. Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.
Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды.




