2025 жылдың тоғыз айында еліміздегі балаларды қосымша біліммен қамту жалпы оқушылар санының 87,2 %-ына дейін өсті, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сенсек, қосымша біліммен қамтылған балалардың ішінде тегін үйірмелермен және секциялармен оқушылардың 62 %-ы қамтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 %-ға жоғары. Сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының желісі өткен жылмен салыстырғанда 25 %-ға өсіп, екі мыңнан астам бірлікке жетті.
– Кейбір қалаларда келушілерді тіркейтін және үйірмелер мен секциялар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін пилоттық цифрлық жоба жүзеге асырылуда, – деп жазады дерек көзі.




