Республика күні қарсаңында Тарбағатай ауданына қарасты Қазақстан ауылының тұрғындарына баспана кілті табысталды, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, «Бір қабатты Шығыс» тұрғын үй бағдарламасы өңірдің әлеуметтік дамуына серпін беріп, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға зор үлес қосып келеді. Қазақстанда берілген баспана соның бір дәлелі.
«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы – Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты бастамаларының бірі. Партияның бақылау комиссиясы, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері құрылыс жұмыстарының барысын тұрақты түрде бақылауда ұстап отырды. Пайдалануға берілген баспана – сол еңбектің нәтижесі. Бұл үйлер – ауылдың жаңаруына, жас отбасылардың тұрақтылығына жол ашатын маңызды жоба, – дейді «AMANAT» партиясы Тарбағатай аудандық филиалының төрағасы Арайлым Муслимова.
Айта кетейік, Тарбағатай ауданында аталған бағдарлама аясында 2022 жылы – 14 отбасы, 2023 жылы – 27 отбасы және 2024 жылы – 62 отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл жоспар бойынш 20 баспана қолданысқа берілуге тиіс.




