Биыл елімізде құрылыс және жөндеу жұмыстарымен барлық санаттағы 13 мың шақырымға жуық автожолдар қамтылды, деп хабарлайды F16.kz порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылған жолдардың ішінде:
- 2,2 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау;
- 6,6 мың шақырым республикалық желіні күрделі және орташа жөндеу;
- 4,1 мың шақырым жергілікті жолдарды жаңарту жұмыстары бар.
– Жыл соңына дейін 6,1 мың шақырымдық жол жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Олар – құрылыс және реконструкциялау (847 шақырым), күрделі және орташа жөндеу (2,2 мың шақырым) және жергілікті маңызы бар жолдарды (3,1 мың шақырым) жөндеу жұмыстары, – деп хабарлайды дерек көзі.
Белгілі болғандай, биыл бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын жаңа 10 жол учаскесінде ақылы жол жүйесі енгізілді. Нәтижесінде ақылы күре жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайды.




