Бес адамның өмірін қиған жол апаты 4 қараша күні Өскемен – Риддер тас жолының 48-шақырымында болған, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ЗИЛ көлігі бұзылып, жол жиегіне тоқтауға мәжбүр болған.
Жүк көлігі жолдың жартысын жауып тұрған. Осы сәтте келе жатқан Toyota Estima көлігі ЗИЛ-ге соғылды. Салдарынан бес адам көз жұмып, тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, — делінген департаменттің ақпаратында.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр, сотқа дейінге тергеу басталды.




