Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінде «Жаңғыру» суретшілер шығармашылық бірлестігінің «Алтын Алтай» атты ұжымдық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Экспозицияда Алтай табиғатының әсем көріністері, ұлттық дүниетаным мен заманауи өнердің үйлесімі көрініс тапқан.
Қатысушылар қатарында Гүлнар Бекбердинова, Ержан Тұрғанбаев, Әділет Ниязбеков, Мәди Қайырхан, Қуаныш Акуов, Эльзара Даниярова, Қуанған Жақаев және Данияр Алдабергенов сынды дарынды суретшілер бар.
Әрбір туынды – туған жерге деген сүйіспеншілік пен рухани жаңғырудың көркем бейнесінің дәлелі.
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, көрме 11 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ашық болады.




