Сенбі күні Өскемен қаласының 5 көшесінде жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңке өтетін орындар:
• “Алтай” көтерме-бөлшек сауда орталығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Күршім ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады (Жібек жолы көшесі, 44);;
• «ДосНар» сауда үйі (Виноградов көшесі, 17а);
• “Теміржолшылар саябағы” (Тынышпаев көшесі, 122);
• «Керуен» сауда үйі (Өтепов көшесі, 3);
• «Валентина» сауда үйі (Согра шағын ауданы, Б. Шаяхметов көшесі, 13).
Жәрмеңкелерде ет (сиыр, жылқы, қой, шошқа еті), сүт өнімдері, бал, көкөніс және жеміс-жидек өнімдері арзан бағада ұсынылады.
Барлық жәрмеңкелер 15 қараша күні 8:00-ден 15:00-ге дейін өтеді.




