Бүгін таңертең Қайсенов көшесі, 117 мекенжайының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды F16.kz.
Көліктердің арасында жатқан адамды тұрғын үйдің маңынан өтіп бара жатқан тұрғындар байқапты.
Куәгерлер алғашында белгісіз ер адамды көлік қағып кеткен болуы мүмкін деп болжаған. Алайда, құқық қорғау органдары бұл болжамды жоққа шығарып отыр.
Жол-көлік оқиғасы фактісі расталған жоқ, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның нақты себептері сараптама арқылы анықталады.




