ШҚО-дағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің бірінде түлкі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды F16.kz.
Түз тағысы бұл жолы “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фототұзағына ілінген.
Түлкілер ақылды әрі белсенді жануарлар. Қарда аунау олардың әлеуметтік мінез-құлқының көрінісі болуы мүмкін. Жас түлкілер мұндай әрекетті жиі байқатады. Қарда аунау түлкіге дене температурасын тез төмендетіп, өзін жайлы сезінуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.




