Маусымдық жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты облыс бойынша 23 мектептің 169 сыныбы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Бұған дейін облыс орталығының 18 мектебінде карантиндік шектеу енгізілгенін жазғанбыз. Қазіргі уақытта одан бөлек, Күршім ауданының 3 мектебі және Ұлан ауданының 2 мектебінде оқушылар уақытша қашықтан оқуға көшірілді.
Айта кетейік, онлайн форматқа уақытша көшу сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамы медициналық анықтамамен дәлелденген себеппен сабаққа қатыспаған жағдайларда жүзеге асырылады.




