F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Зияткер ұлт: Amanat CUP турнирінің жеңімпаздары анықталды

F16 F16
18.11.2025, 18:00
Білім мен ілім, Жаңалықтар
Фото: Amanat

Фото: Amanat

Астанада Amanat партиясының кубогіне арналған AMANAT CUP XХIІI республикалық пікірсайыс турнирі мәреге жетті. «Жастар рухы» жастар қанаты мен Qazaq Debate қозғалысы ұйымдастырған сайыста ел аумағындағы үздік спикерлер анықталды, деп хабарлайды F16.kz.

Amanat партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек ел Президенті еркін ойлы жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту ісіне әрдайым қолда қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы жастар айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атап өткен еді. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық. Сондықтан бұл пікірсайыс – тек сөз жарысы емес, ол ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың мектебі. Түптеп келгенде, мұның бәрі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы жүйелі саясаттың бір бөлігі, – деді ол.

Биыл сайысқа 150-ге жуық өтінім келіп түсті. Олардың арасынан 60 команда іріктеліп, қазақ (40 фракция) және орыс (20 фракция) командалары Британ, Америка және Линкольн-Дуглас форматтарында ойын көрсетті.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек пікірсайысшылар арасындағы бәсеке дамып келе жатқанын жеткізді.

Бұл пікірсайыс жастардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамытуға және болашақта азаматтық белсенділігін арттыруға тың серпін береді. Осы орайда «AMANAT» партиясы жастардың таным көкжиегін кеңейту ісіне ерекше үлес қосып отыр. Белсенді жастарды қолдау қадамы әркез айрықша маңызға ие, – деді ол.

Ал QAZAQ DEBATE қозғалысының жетекшісі Ерболат Мұхамеджан сайысқа қатысушылардың ойын алдында тақырыпты жіті зерттеп, тыңғылықты дайындық жүргізгенін атап өтті.

Студенттік лига қатысушылары арасынан алдыңғы толқын пікірсайысшылардың орнын басатын талантты жастар шығатынына сенімдімін. Жұмыс істеп жүрген азаматтар осы лигаға қолдау білдіруі қажет. Ал студенттер турнир тақырыбын жіті зерттеп, тыңғылықты дайындықпен қатысуы керек. Сондықтан көбірек кітап оқып, сарапшылардың, саясаттанушылардың және профессорлардың пікірін ескеру маңызды. Сондай-ақ пікірсайыс кезінде логика мен дәлелді аргументтерді қолдану, эмоцияны дұрыс көрсету қажет, –  деді ол.

Amanat партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерованың айтуынша, турнирдің басты мақсаты – ұтымды ұсыныс айта алатын белсенді жастарға қолдау көрсету.

AMANAT CUP турнирі 23 жылдан бері партияның қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл жобаға жүзден астам өтінім келіп түсті. Бұл – жастардың пікірсайысқа деген қызығушылығының айқын көрінісі. Қазақ және орыс лигаларымен қатар биыл алғаш рет Студенттік лига енгізілді. Бастама студенттердің көпшілік алдында сөйлеу, ойын жүйелеу сияқты дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Белгілі блогер Яков Федоров Amanat партиясы пікірсайыс қозғалысының дамуына айрықша ықпал еткенін атап өтті.

Бірнеше жыл бұрын осы AMANAT CUP турниріне қатысқан едім. Сол тұста бұл сайыс жас азаматтар үшін әлеуметтік лифтіге айналды. Бүгінде осы пікірсайысқа қатысқан азаматтар мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүр. Демек пікірсайыс – ойды дәлелмен жеткізуге, аргументпен жұмыс істеуге және дұрыс шешім қабылдауға үйрететін орта. Осы күні турнирлер Amanat партиясының қолдауымен жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Мұндай бастамаларды қолдау маңызды. Себебі талантты пікірсайысшылар тек Астана мен Алматыда ғана емес, шағын қалалар мен ауылдарда да бар. Партияның қолдауы олардың дамуына жол ашып отыр, – деді Яков Федоров.

Осылайша, екі күнге жалғасқан ойын нəтижесі бойынша қазақ лигасында жүлделі 1-орынды – Дильназ Бауыржанқызы мен Жәкен Нұрхан (Астана және Алматы қалаларының құрамасы) иеленіп, Amanat партиясының кубогін қанжығалады. Ал 2-орынды Жансерік Жолшыбек пен Алтынай Қалдыбай (Алматы қаласы), 3-орынды Асхат Есенов пен Сапарғали Батыржан (Ақтөбе облысы) және Зарина Бозова мен Ақерке Шайқы (Батыс Қазақстан облысы) иеленді. «Үздік спикер» – Дәулет Нүркен, «Үздік төрешілер» Бақытжан Тұрсынов пен Бакира Олжас болды.

Орыс лигасында Сұлтан Сатыбалды мен Камила Құрамысова жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды Әйгерім Айбасова мен Дінмұхаммед Сағатбеков,  3-орынды Самат Саяқов пен Мұратбек Нұрлан және Ерұлан Мейіржан мен Аруна Найманова иеленді. Бұл лигадағы барлық қатысушы Астананың намысын қорғады. «Үздік спикер» – Дінмұхаммед Сағатбеков. «Үздік төреші» – Жібек Әкімова.

Сондай-ақ Студенттік лигада 1-орынды Нұрқадыр Серікқазы мен Дидар Арчин (Семей қаласы) жеңіп алды. 2-орынды – Махаббат Алипчеева мен Ақерке Дарханбек (Алматы облысы), 3-орынды – Аяулым Сайлауова мен Нұртас Нұрай (Ақтөбе облысы) және Нұрханым Бермұханбет пен Жадыра Қайратова (Атырау облысы) иеленді.

Еске сала кетейік, «AMANAT CUP» турнирі аясында «Жастар рухы» жастар қанаты мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Жастар форумының Еуразия аймақтық орталығы (ICYF-ERC) бірлесіп ұйымдастырған халықаралық «Model OIC» симуляциялық ойынына 60 қатысушы іріктеліп, төрт комитет бойынша бақ сынады.

Жеңімпаздар: Орталық Азия мен Кавказдағы геосаяси және қауіпсіздік сын-қатерлері комитеті – Рустам Таисынов («Best position paper»), Дінмұхамед Омаров («Best speaker»), Жанерке Маратқызы («Best delegate»); Экономикалық және көлік интеграциясы комитеті – Дания Берікқызы («Best speaker»), Камила Мұхтарова («Best delegate»), Шыңғыс Шайкенов («Best position paper»); Әлеуметтік-экономикалық даму және тұрақты өсім комитеті – Қажат Шәнті («Best delegate»), Санжар Қойшыбек («Best position paper»), Ақбота Нығметолла («Best speaker»); Адам құқықтары, азаматтық қатысу және қақтығыстарды реттеу комитеті – Айкүнім Жұбан («Best delegate»), Айдана Қаумет («Best position paper»), Иссабек Абдуллазиз («Best speaker»).

Тегтер: AMANATдебатЖастар саясатызияткер ұлтпікірсайыс клубы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған