ШҚО-да келесі жылы жаңа көліктік-логистикалық орталықтың құрлысы басталады. Қазір арнайы жер телімі бөлініп, жобаның негіздемесі әзірленіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыстаңы жаңа орталық Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің маңында болады. Жалпы құны 21 миллиард теңгені құрайтын жоба жоспар бойынша 2027 жылы қолданысқа берілуге тиіс.
Темір жол тартылып, қоймалар салынады. Онда жүктерді қабылдау, жөнелту, сұрыптау, жылжымалы құрамды беру, жылжымалы құраммен қамтамасыз ету, жүктерді межелі станцияға жеткізу бойынша қызметтер көрсетіледі, — деп атап өтті Лязиза Кенжетаева.
Жоба жүзеге асқан соң қойма, теміржол торабы, кеден және тасымалдау қызметтері бір жерде тоғысады.




