F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына енді

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
20.11.2025, 10:05
Жаңалықтар
Қазақстан туу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына енді

Фото: egemen.kz

Елімізде балалар халықтың үштен бірін — 34%-ын құрайды, әрі бұл көрсеткіш жылдан-жылға тұрақты өсіп келеді. Мұндай демографиялық серпін мемлекет саясатының балаларды қорғауға бағытталған тұрақты сипатын айқын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту минитсрлігінің баспасөз қызметі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы және өзге де халықаралық ұйымдар Қазақстанның балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету ісінде қол жеткізген тұрақты нәтижелерін атап өтті.

Осы оң үрдістің аясында Қазақстан туу туралы актілерді тіркеу көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарына енді. Бұл көрсеткіш қазіргі таңда 100%-ға жуықтап, бала құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға толық сай келеді.

Мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі — балаларға ұзақ мерзімді қаржылық қолдау көрсету.

Қазақстан — табиғи ресурстардан түсетін табыстың бір бөлігін тікелей балалардың игілігіне бағыттайтын сирек елдердің бірі. 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қордың инвестициялық табысының 50%-ы кәмелетке толмаған азаматтардың жеке жинақ шоттарына аударылып келеді. 2025 жылы әр балаға шамамен 130 АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қолдау 324 мыңнан астам баланы қамтыды. Екі жыл ішінде бір балаға шаққанда жиналған орташа сома 233 АҚШ долларын құрады.

Балаларды сапалы және құнарлы тамақпен қамтамасыз ету де басты назарда. 2023 жылдан бастап еліміздегі барлық бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл 1,7 миллионнан астам баланы қамтыды. Сондай-ақ балабақшаларда 953 мың тәрбиеленуші тегін тамақ ішеді. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 207,4 миллиард теңге бөлінді.

ЮНИСЕФ жүргізген 2024 жылғы MICS зерттеуінің нәтижелері бойынша, Қазақстандағы балалардың тамақтану көрсеткіштері Еуропа мен Орталық Азия елдерінің деңгейіне сай келеді. Сарапшылар бұл көрсеткіштердің тұрақтылығын және күрт ауытқулардың болмауын ерекше атап өтті. Бұл — мектепке дейінгі және мектептегі тамақтану сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік шаралардың тиімділігінің дәлелі.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде заңнамалық база да нығайтылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр сипаттағы қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді мұндай істерді татуласу арқылы тоқтатуға заңмен тыйым салынған. Ең ауыр қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бала — мемлекеттің айнасы. Егер оның қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілсе, ешқандай ымыраға жол берілмейді. Қазақстан бұл тұрғыда нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Заң баланы толық қорғауы тиіс. Біз бұл қорғау шынайы әрі тиімді жұмыс істеуі үшін нақты шаралар қабылдап жатырмыз. Әрбір бала мемлекеттен тең мүмкіндік пен сенімді қолдау алуы керек. Өйткені бұл — еліміздің болашағын қалыптастыратын берік негіз, — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Балаларды қорғау жүйесі институционалдық тұрғыдан да нығайып келеді. Алғаш рет заңнамалық деңгейде әр 5 мың балаға бір қамқоршылық және қорғаншылық органы маманы белгіленді. Бұл кадрлар санының 303-тен 1028 маманға дейін артуына мүмкіндік берді.

Осылайша Қазақстан ТМД кеңістігінде бала құқықтарын қорғау саласында бірыңғай кадрлық стандарттар енгізген алғашқы елдердің бірі болды.

2026 жылдан бастап елімізде балаларды қолдау мен дамытуға бағытталған барлық шараларды біріктіретін «Қазақстан балалары» атты бірыңғай ұлттық бағдарлама іске қосылады. Бұл бағдарлама баланың өмірлік жолының барлық кезеңін қамтитын кешенді ұлттық стратегияға айналмақ.

Тегтер: балаҚазақстантуу көрсеткіші
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған