25 қараша күні түнде Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады, кей жерлерде көктайғақ болады, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде қар борап, бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады.
Мамандар облыс орталығы Өскеменде 25 қараша күні түнде көктайғақ болады деп болжап отыр.
Ауа райының бұзылуына байланысты ШҚО ТЖД мамандары жолда жүргенде жылдамдықты шектен асырмай, арақашықтықты сақтауға кеңес береді. Сонымен қатар қар жауып, боран соққан кезде елді мекеннен ұзап шықпау қажет. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек.




