Бүгін, 28 қарашада Шығыс Қазақстан облысында «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында құлақтандыру жүйесі тексерілді, деп хабарлайды F16.kz.
«Mass Alert» шұғыл құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру мобильді құрылғылар арқылы жүргізілді, сондай-ақ сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылды. Теле-радиоарналар қызметі уақытша ұтоқтатылды. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі өкілдері тұрғындарға сабыр сақтау қажеттігін ескертті.




