Елімізде 700-ге жуық үлгілі жүргізуші марапатталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Республика бойынша «Үлгілі жүргізуші-2025» профилактикалық акциясы өтті. Акция «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қауіпсіз әрі тәртіпті жүргізу мәдениетін дамытуға, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық санасын арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған.
Нәтижесінде республика бойынша жолда ұқыпты әрі заңға бағынатын 700-ге жуық үлгілі жүргізуші марапатталды. Аталған азаматтарға сақтандыру компаниясының сертификаттары, алғыс хаттар, естелік сыйлықтар және жол қауіпсіздігі жөніндегі жадынамалар табысталды.
– ІІМ жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік екенін еске салады. Барлық жүргізушілерді сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ең заманауи техниканың өзі қауіптің бір көзі болып қала беретінін ұмытпауға шақырады. Әрбір азаматтың саналы әрекеті ғана жолды қауіпсіз ете алады, – деп жазады дерек көзі.




