Шемонаиха қаласында аудандық инфекциялық аурухананың жеке корпусы мен дәрігерлік амбулатория салынады. Әлеуметтік жобаны KAZ Minerals тобы жүзеге асырады, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл туралы Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездемскен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты.
Аудан тұрғындары Шемонаиха қаласында инфекциялық аурухананың жеке ғимараты мен дәрігерлік амбулатория салу мәселесін көтерген. Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін KAZ Minerals тобы екі нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр. Аталған ғимараттар келер жылы салынады, – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар әкім ауданның денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ресми мәліметке жүгінсек, жыл басында ауданда қатерлік ісікпен науқастанғандар 12,8 пайызға, қант диабетіне шалдыққандар 33,2 пайызға төмендеген. Ана мен бала өлімі мүлде тіркелмеген.




