Қолайсыз ауа райына байланысты Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы кейбір жолда барлық көлік түрінің қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды F16.kz.
«ОблШығысЖол» ЖШС-ның мәліметінше, 5 желтоқсан сағат 18.00-ден бастап қолайсыз климаттық жағдайларға (көріну аумағының шектелуі, қатты боран, қалың қар, көктайғақ) байланысты облыстық маңызы бар Өскемен-Үлбі-Северное тас жолының 45-60 шақырымында (Феклистовка – Северное) көлік құралдарының барлық түріне шектеу қойылды.
Сонымен қатар 5 желтоқсан сағат 18.00-де ауа райының бұзылуына байланысты Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнары республикалық автожолының 6-166 шақырымында (Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Аталған жолдар 6 желтоқсан сағат 6.00-де ашылады деп жоспарланған.




