Өскеменде SafeTravelKZ туристік картасы қала қонағына әуежайдан бастап, саяхаты аяқталғанға дейін жол көрсетті, деп хабарлайды F16.kz.
Көші-қон қызметі ұсынған картаның көмегімен турист бағытын оңай айқындап, Даңқ мемориалы, Славский жағалауы, Металлургтер мәдениет үйі, және Тәуелсіздік монументі сынды көрікті жерлерді аралап шықты.
QR-кодтар арқылы пайдалы ақпаратқа қол жеткізген саяхатшы қалада емін-еркін серуендеп, көркі көз тартар көрікті жерлерде көрді.
ШҚО полиция департаментінің қатысуымен жүзеге асырылатын бұл жоба туристердің қауіпсіздігін күшейтін, өңірдің қонақжайлығын көрсетуді көздейді.




