F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тынысы тарылған Өскемен

F16 F16
18.12.2025, 15:00
Жаңалықтар, Өскемен, Фоторепортаж, Экология
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Өскемен тұрғындарын мазалайтын өзекті мәселенің бірі — экология. Бүгінде Шығыстың бас шаһарында 400 мыңнан астам адам түтінге тұншығып өмір сүріп жатыр. Қалада ауаға зиянды қалдықтар бөлетін бірнеше түсті металлургия кәсіпорны мен энергия өндіруші орталықтар жұмыс істейді. Көмір жағатын жер үйлердің саны жылдан-жылға арта түскен. Бұның бәрі экологиялық ахуалды қиындатып, тұрғындарды алаңдата бастады. Tereze жобасының журналистері көк түтінге көмілген қаланың тіршілігін таспаға түсірді.

 Қазақстан тауындағы бұл туды өскемендіктер әзілдеп «барометр» деп атайды. Ту желбіреп тұрса, жел бар – ауа таза. Төмен тартып, қозғалмай тұрса – қауіпті. Қала түтінге бөгіп, газға тұншығып жатыр деген сөз. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

 

Бұл — қала іргесіндегі Красин кенті. Мұнда от жағатын жер үйлер көп. Жылыту маусымында әр үйдің мұржасынан көтерілген түтін қала аспанын жауып кетеді. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

 

Өскеменді қою түтін басып, тұман тұмшалаған сәт. 2024 жылдың қарашасында «Қазгидромет» II дәрежелі қолайсыз метеожағдай жариялады. Экологтар ауа сапасын зерттеуге кірісті. Металлургия кәсіпорындары мен энергия өндіруші орталықтардың көкке ұмсынған мұржалары ғана көрінеді. (Фото: Tereze. 20.11.2024 ж.)

 

Биыл қазанда Өскеменде 18 рет қолайсыз метеожағдай тіркелді. Бұл күндері «Қазгидрометтің» өлшеуіш аспаптары ауа құрамында күкірт диоксиді, көміртек оксиді және күкіртсутек сияқты қауіпті заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден 2-2,5 есе артық болғанын көрсетті. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

 

Бұрын Ертістің сол жағалауында ауа таза болатын. Үнемі самал соғып, түтін мен газды тоқтатпайтын. Кейінгі жылдары бұл ауданда көп қабатты тұрғын үйлер қатар-қатар бой түзеп, желдің соғуын сиретті.. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

 

Өскемен әкімдігі экологияны ластаушы көздердің бірі ретінде  жылдан-жылға саны артып келе жатқан көліктерді атайды. 2000-жылдары қалада 43 мың көлік болса, биыл олардың саны 132 мыңға жеткен. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

Қолайсыз метеожағдай кезінде қарт адамдарға көшеге шығу қиямет-қайым. Іргедегі дүкенге бару үшін маска тағып, қорғанып шығады. Ауадағы өткір иіс тамақты күйдіріп, тыныс алу жолын тітіркендіреді. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

 

Бұл — от жағатын жер үйлері көп Сол жағалау ауылы. Қоршаған ортаны ластауға жер үйлердің де қосатын «үлесі» мол. Өскемен әкімдігінің мәлімдеуінше, 2000-жылдары қаладағы жер үйлер 120 мың тонна көмір жақса, қазір бұл көрсеткіш 250 мың тоннаға жетті. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

 

«Қазгидромет» мәліметтеріне сүйенсек, кейінгі 10 жылда қаладағы экологиялық ахуал жақсармаған. Осы уақыт аралығында атмосфералық ауа ластануының орташа индексі шамамен 7,3-ке тең болған. Бұл — ластанудың жоғары деңгейі. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

 

Өскемен  ойпатта орналасқан, айналасын жоталар қоршап тұр. Қолайсыз метеожағдай кезінде металлургия кәсіпорындарынан, энергия өндіру орталықтарынан, от жағатын жер үйлер мен көліктерден бөлінген қалың түтін қала үстінде осылай шөгіп жатады. (Фото: Tereze. 02.12.2025 ж.)

Тегтер: F16ГазӨскементүтінФоторепортажШҚОЭкология
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған