Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығы аумағында қар барысы фототұзаққа түсті, деп хабарлайды F16.kz.
Алтайдың ақ басты шыңдарын мекендейтін қар барысы бірінші рет фото-видеоға түсіп тұрған жоқ, ол бұған дейін де бірнеше рет бой көрсеткен. Бұл жолы түз тағысы кадрдан тым жақын әрі анық байқалады. Фото-видео тұзақты Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманшысы Жомарт Аманбаев орнатқан.
Бұл — Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жыртқыш. Қар барысының фототұзаққа түсуі — ұлттық парк аумағында табиғи тепе-теңдіктің сақталып, жануарлар дүниесінің қауіпсіздігін бақылау жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді, – деп жазды «Катонқарағай» ҰМТП мамандары.




