ШҚО-да ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын соғуы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан күндіз екпіні 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жететін жел соғады.
Облыс орталығында да қолайсыз ауа райы қалыптасып, жел екпіні күшеюі мүмкін, — делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпау, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертеді.




