Бүгін сағат 17.00-ден бастап республикалық маңызы бар тас жолдардың бірінде автобустар мен тіркеме және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне шектеу қойылды, деп хабарлайды F16.kz.
«КАЖсервис» ЖШС ШҚОФ ақпаратына сүйенсек, РФ аумағында ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасының 1194-1212 шақырымы аралығына (Шемонаиха қ.-РФ шек.) уақытша шектеу енгізілген.




