Биылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру тарифі өсті. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды F16.kz.
Тарифтің өсуі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өзгеруімен байланысты екенін атап өткен жөн. 2026 жылы 1 АЕК – 4325 теңге.
Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағына кіру ақысы көтерілді.
Марқакөл және Батыс Алтай табиғи қорықтары
Мотоцикл, мопед, квадроциклдерге – 0,4 АЕК (1730 теңге);
Жеңіл автокөліктерге – 0,7 АЕК (3027,5 теңге);
16 орынға дейінгі шағын автобустар мен жүк көліктеріне – 2,5 АЕК (10 812,5 теңге);
32 орынға дейінгі автобустарға – 5 АЕК (21 625 теңге);
32 орыннан асатын автобустарға – 7 АЕК (30 275 теңге).
Катонқарағай МҰТП
Мотоцикл, мопед, квадроциклдерге – 0,3 АЕК (1297,5 теңге);
Жеңіл автокөліктерге – 0,4 АЕК (1730 теңге);
16 орынға дейінгі шағын автобустар мен жүк көліктеріне – 2 АЕК (8650 теңге);
32 орынға дейінгі автобустарға – 4 АЕК (17 300 теңге);
32 орыннан асатын автобустарға – 6 АЕК (25 950 теңге).
Еске сала кетейік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан елді мекендерде тұратын және сол жерде орналасқан саяжайлары бар жеке тұлғалар төлемнен босатылады.




