Өскеменде «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында 8-11-сынып оқушылары арасында құқықтық челлендж басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Облыс орталығындағы №46 орта мектепте өткен ашылу салтанатына 100-ден астам оқушы қатысып, челлендж эстафетасы ресми түрде №40 жалпы білім беретін мектепке жолданды.
Бұл іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң және тәртіп қағидаттарын түсіндіру, жеке жауапкершілік пен қоғамдық тәртіптің маңызын насихаттау және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Шара барысында оқушылар бейнероликтер, үндеулер мен әлеуметтік форматтағы жұмыстар ұсынды.
Құқықтық челлендж апта бойы Өскемен қаласындағы барлық 52 жалпы білім беретін мектептің қатысуымен жалғасады. Бұл бастама оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда заңға құрметпен қарау құндылықтарын нығайтуға бағытталған.




