F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-ның жедел жәрдем автопаркі 36 жаңа көлікпен толықты

F16 F16
13.01.2026, 14:51
Әлеумет, Біздің медицина, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Өңір автопаркіне 36 жаңа үлгідегі арнайы медициналық көлік жеткізіліп, олар алдағы уақытта қала мен аудан бөлімшелерінде қызметке кіріседі, деп хабарлайды F16.kz.

Жаңа техникалардың қатарында 4 С санатындағы реанимобиль, 26 В класты және 6 Б класты жедел жәрдем көлігі бар. Барлық автокөлік заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуге бейімделген. Бұл көліктер шұғыл шақыртуларға жедел жетіп қана қоймай, ауыр жағдайдағы науқастарды қауіп-қатерсіз медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді.

Автопарктің жаңаруы жедел жәрдем бригадаларының жолға кететін уақытын қысқартып, қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар шалғай елді мекендерде еңбек ететін медицина қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз жұмыс жағдайы қалыптасады. Айта кету керек, өңірлік жедел медициналық жәрдем қызметі соңғы рет 2020 жылы осындай ауқымды жаңартылған.

Жаңа көліктердің кілті салтанатты шара барысында аудандық жедел жәрдем бөлімшелерінің жүргізушілеріне табысталды. Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жедел жәрдем қызметінің маңызын атап өтіп, бұл жаңартудың тұрғындар денсаулығын қорғаудағы рөлі зор екенін жеткізді.

Күн сайын жедел жәрдем бригадалары жүздеген шақыртуға шығады, ал диспетчерлер мыңға жуық қоңырауды қабылдайды. Әрбір қоңыраудың артында адам өмірі тұр. Жаңа автокөліктер медицина мамандарына науқасқа уақтылы жетуге, қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге және ең бастысы — адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді, — деді өңір басшысы.

Жаңартылған жедел жәрдем көліктері Алтай, Глубокое, Зайсан, Үлкен Нарын, Катонқарағай, Күршім, Марқакөл, Самар, Тарбағатай, Шемонаиха аудандарына және Риддер қаласына бөлінді.

Тегтер: F16автопаркжедел жәрдеммедицинаСақтағановШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған