Қыстың көзі қырауда Өскеменде мыңнан астам абонент электр энергиясынсыз қалды, деп хабарлайды F16.kz.
«БЭСК» АҚ-ның мәліметінше, 14 қаңтар күні сағат 9.42-де қосалқы стансада апаттық ажырату болған. Соның салдарынан Мызы, Протозанов, Қазақстан көшелеріндегі жеке және заңды тұлғалар жарықсыз қалды. Қазір ақауды жою үшін апаттық бригада жіберілді.
Айта кетейік, қаланың орталығында орналасқан бұл көшелерде бірнеше ондаған тұрғын үй, әлеуметтік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандары орналасқан.




