F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

F16 F16
16.01.2026, 09:52
Билік, Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Саясат
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті.

Жиында Парламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар жөніндегі аралық ақпаратпен бөлісті.

Былтыр қазан айынан бері e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі арқылы халық арасынан, сарапшылар қауымдастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс жинақталған. Атап айтқанда, «Байтақ» партиясы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы, Республикалық адвокаттар алқасы, «Toqtamys» адвокаттық қауымдастығы, Халықаралық арбитраж және медиация палатасы, Парламентаризмді дамыту қоры, Қазақстандық татарлар мен башқұрттар конгресі, Экономикалық саясат институты, «Азаматтық бастама» бастамашылық тобы және басқа да ұйымдар өз ұсыныстарын білдірді. Бұған қоса құқықтанушы ғалымдар сарапшылық ұсынымдарын жолдап, белсенділік танытып жатыр.

Сонымен қатар Парламентаризм институтының директоры азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерден парламенттік реформадан бөлек, конституциялық реформаға қатысты да бастамалар түсіп жатқанын жеткізді.

Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Парламенттің Үкіметті, Конституциялық Сотты, Жоғары аудиторлық палатаны, Орталық сайлау комиссиясын және басқа да мемлекеттік органдарды жасақтауға қатысуын реттейтін конституциялық рәсімдердің жалпы тәсілдері туралы айтты. Бұл тәсілдер Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардың ұсыныстары негізінде әзірленген.

Жұмыс тобының мүшелері қатарынан Марат Шибұтов, Азат Перуашев, Елнұр Бейсенбаев, Серік Егізбаев, Магеррам Магеррамов, Айдарбек Қожаназаров, Марат Башимов, Нұрлан Бекназаров, Индира Әубәкірова, Үнзила Шапақ, Алуа Ибраева, Бөріхан Нұрмұхамедов, Лейла Жақаева, Виктор Малиновский, Ерлан Сәрсембаев, Айдос Сарым, Қарлығаш Жаманқұлова өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында Жұмыс тобының жетекшісі – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конституциялық реформа бойынша түпкілікті тәсілдерді әзірлеу үшін келіп түскен ұсыныстардың барлығын жинақтап, жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Анықтама: Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылғы 8 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен құрылды. 14 қазанда Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Екінші отырыс – 2 желтоқсанда, үшінші отырыс – 29 желтоқсанда, төртінші отырыс 2026 жылғы 9 қаңтарда ұйымдастырылды.

Тегтер: F16билікҚаринПарламенттік реформасаясат
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған