F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

F16 F16
17.01.2026, 14:49
Әлеумет, Билік, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: ашық дереккөздерден алынды

Фото: ашық дереккөздерден алынды

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін реформалау туралы атап өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

Айтуынша, бұл ретте ең алдымен, жекеменшік мектептерді, балабақшаларды, даму орталықтарын және медициналық емханаларды «жан басына сәйкес қаржыландыру» мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Осыған байланысты Үкімет жекеменшік ұйымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыс тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізіп, бірқатар көкейкесті мәселелерді анықтады. Атап айтқанда, жүйелерді ауқымды цифрландыру барысында салада бұрын байқалмаған заңбұзушылықтар мен олқылықтарды анық көрсетті. Бұл өз кезегінде аталған салалардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай келмейді. Кейінгі 8 жылда жекеменшік мектептердің саны жеті есе артты. Бүгінде олар жеті жүз сексен беске жетті. Соған сәйкес бюджетке түсетін салмақ та күрт көбейді. Шығындар 2020 жылы он үш миллиард болса, 2025 жылы екі жүз қырық екі миллиардқа дейін өсті, — деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар Аида Балаева 2020 жыл мен 2025 жылдар аралығындағы инвестициялық шығын жүз он бір миллиард теңгені құрағанын алға тартты. Бұл қаражатқа шамамен отыз бес жаңа мектеп салуға болады.

Соған қарамастан басты мақсат – орын тапшылығы мәселесін әлі де жоя алмадық. 2025 жылы бұл жетіспеушілік екі жүз елу бір мың орынға жетті. Бұл – облыстағы тұтас бір қаланың халқымен бірдей көрсеткіш. Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасының төмендеуіне алып келді. Көптеген білім ошақтары нақты өңірлік қажеттілікті ескермей, ретсіз ашылды. Мәселен, олардың сексен пайызға жуығы жалға алынған ғимараттарда жұмыс істейді. Ал директорлардың біліктілігі мәселесі де сын көтермейді. Мектеп ғимараттары бизнес меншігінде қалып отыр. Жиырма жылдан кейін олардың түпкі мақсаты өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл жүйеге деген сенімді азайтып, бюджет қаржатының тиімділігіне күмән тудырады, — дейді Аида Ғалымқызы.

Ведомство басшысы сондықтан қазір жағдайды түбегейлі өзгерту бойынша жүйелі жұмыс басталғанына тоқталды.

Жаңа қаржыландыру тетігі пилоттық режимде іске қосылды. Мектептер толық цифрландырылып, бюджетке сәйкес реттелді. Бірақ бұл – биылғы оқу жылының соңына дейінгі уақытша шара. Негізгі міндет – жүйені толық қайта қарау. Ең алдымен, мемлекеттік тапсырыс нақты өңірлік қажеттілікке сай болуға тиіс. Жаңа мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий енгізу ұсынылып отыр. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде тек инвестициялық шығындарды өтеу тетігін қалдыру көзделуде. Сондай-ақ білім беру саласындағы бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында, ірі мегаполистерді қоспағанда, студенттік жатақханаларды қаржыландыру уақытша тоқтату мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте барлық құқықтық және әлеуметтік тәуекелдер ескеріледі. Бағдарламаны кезең-кезеңмен тоқтату немесе шарттарын қайта қарау нұсқалары қаралуда. Дәл осындай мәселелер медицина саласында да байқалады. Үкімет азаматтардың өтініштерін ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын жекеменшік медициналық ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуде, — деді вице-премьер.

Айта кетерлігі, елімізде жиырма миллионнан астам адам алты жүз тоқсан сегіз бастапқы медициналық көмек ұйымына тіркелген. Соның үш жүз отыз алтысы, яғни шамамен қырық сегіз пайызы – жекеменшік. Оларға тіркелген халық саны бес миллион алты жүз мың адам. Бұл – ел халқының шамамен жиырма сегіз пайызы.

2020 жылдан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін жекеменшік емханалардың саны екі жүз он бестен үш жүз отыз алты ұйымға дейін өсті, ал тіркелген халық үш миллионнан бес миллион алты жүз мыңға дейін артты. Бүгінде алғашқы медициналық көмек ұйымдары республикалық бюджет есебінен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, жан басына сәйкес қаржыландырылады. Ал 2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асады. Алайда жеке емханалардың саны көбейіп, оларға тіркелген халық екі есеге жуық артқанымен, бұл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарта қойған жоқ. Бүгінде қосарланған қаржыландыру фактілері бар. Кей қызметтер міндетті және ерікті сақтандыру арқылы қатар төленуде. Кейде көрсетілмеген қызмет үшін ақы алынған жағдайлар кездеседі, — дейді Аида Ғалымқызы.

Мәлімдеуінше, тіпті лицензиясыз, тиісті жабдықсыз жұмыс істеген ұйымдар да бар.

Бұл мәселелерді тек жүйелі өзгерістер мен толық цифрландыру арқылы шешуге болады. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың нақты қажеттіліктеріне, демографиялық және көші-қон деректеріне сүйене отырып, медициналық көмекті жоспарлауға көшуде. Белсенді емес пациенттерді қаржыландыру жүйесінен шығару жоспарлануда. Тіркелу талаптары күшейтіліп, шағын емханалар біріктіріледі. Ал қаржыландыру көлемі ең тиімді мемлекеттік және сенімді жеке емханаларға бағытталады. Қосарланған төлем мен жалған есепті болдырмау үшін бірыңғай цифрлық бақылау енгізіледі. Барлық жүйелер біріктіріледі. Пациент көрсетілген қызметті мобильді қосымша арқылы өзі растайды. Бұл азаматтардың құқығын қорғайды. Сонымен бірге сапаны бақылау күшейе түседі. Тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесі енгізіліп, лицензиялау талаптары қатаңдайды, — деді министр.

Сондай-ақ сапаны бағалайтын бірыңғай мемлекеттік жүйе жасалып, Ұлттық сапа институтын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар жеке медициналық ұйымдардың қызметі кешенді түрде тексеріледі. Ұсынылып отырған барлық шаралар жан басына сәйкес қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр. Біздің мақсатымыз – қаржыландыру жүйесін әділ, ашық және тиімді ету. Ең бастысы – бюджеттен бөлінетін қаражат халықтың игілігіне, білім мен денсаулық сапасын жақсартуға жұмыс істеуге тиіс, — деді Аида Балаева.

Тегтер: TopБалаевабилікминистрПрезидент реформасысаясат
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған