Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында қоғамда қызу талқыланып жүрген тақырыптың бірі — қыз алып қашу мәселесіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз. Бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел жабайы қылмыс. Мұндай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп – бәріне ортақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс. екенін атап өтті.




