Бүгін облыс аумағында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдарда бақылау күшейіп, жол ережесінің сақталуы ерекше назарға алынады.
Жылдамдықты шамадан тыс асыру, мас күйінде көлік жүргізу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқық бұзушылықтар қатаң бақылауға алынады., — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары рөлі оң жақта орналасқан автокөліктермен такси қызметін көрсетуге тыйым салынғанын еске салады.




