F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Конституциялық комиссия түзетулер жобасын талқылауға кірісті

F16 F16
26.01.2026, 15:00
Жаңалықтар, Заң, Қоғам
Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысында Ата заңға енгізуге ұсынылған түзетулерді жан-жақты қаралды. Бұл түзетулер қоғам өкілдерінен, саяси партиялардан және сарапшылар қауымдастығынан келіп түскен көптеген ұсыныстардың барлығы ескеріле отырып қалыптастырылды.

ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Азимованың хабарлауынша, Комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскен, олардың барлығы біртұтас Жинақталған кестеге біріктірілді.

Азаматтар мен сарапшылардың белсенді қатысуы конституциялық реформаның жоғары қоғамдық маңызын растайды. Мұндай диалог форматы негізгі қағидатты айқындайды: конституциялық реформа ең алдымен халықтың мүддесі үшін және оның тікелей қатысуымен жүргізіледі, – деді Эльвира Азимова.

Отырыс барысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаровтың және Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның баяндамалары тыңдалды.

Атап айтқанда, Әділет министрі түзетулерді Конституцияның Үкіметтің, Конституциялық Соттың, прокуратура органдары мен сот билігінің жекелеген функцияларын, құқық қорғау тетіктерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды, жекелеген аумақтарда арнайы құқықтық режим белгілеу қағидаттарын, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін реттейтін бөлімдері мен баптарына енгізу ұсынылып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, түзетулердің жекелеген блогы болашақ бір палаталы Парламент – Құрылтайдың қызметіне қатысты болады. Мысалы, төрағаны тағайындау тәртібі, депутаттық корпусты қалыптастыру және өзге де рәсімдік мәселелер регламенттеледі.

Үкіметтің функцияларын реттеу бөлігінде мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, сондай-ақ мемлекеттік комитеттерге қатысты өкілеттіктерді алып тастау ұсынылады.

Сонымен қатар, Конституцияда сот билігінің әкімшілік сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылатыны тікелей көрсетілуі ұсынылады. Бұл құқық үстемдігі қағидатын нығайтуға және мемлекет пен азамат арасындағы нақты теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін кешенді түрде арттырады.

Қоғам үшін бұл мемлекеттің сыртқы немесе ішкі жағдайларға қарамастан, дәйекті әрі құқықтық алаңда әрекет ететініне деген болжамдылық пен толық сенімді білдіреді. Әлеуметтік міндеттемелер орындалады, экономикалық үрдістер жалғасады, халықаралық міндеттемелер сақталады, – деді әділет министрі.

Өз сөзінде Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров бір палаталы Парламентке көшуге байланысты Конституцияның тиісті баптарына көптеген өзгерістер енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Ұсынылатын тәртіпке сәйкес, Құрылтай Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі арқылы сайланатын 145 депутаттан құралады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Нұрлан Бекназаров сондай-ақ Конституцияға Халық кеңесінің өкілеттіктері туралы жеке бөлім енгізу оның айрықша маңызын айқындайтынына назар аударды.

Халық кеңесі – Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган, оның құрамы Қазақстан Республикасының азаматтарынан қалыптастырылады. Халық кеңесін құру тәртібі, оның құрамы, өкілеттіктері және қызметін ұйымдастыру мәселелері Конституциялық заңмен бекітіледі, – деді ол.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық комиссия мүшелеріне бірінші отырыстың қорытындысы бойынша әзірленген түзетулердің салыстырмалы кестесін таныстырды.

Оның айтуынша, жинақталған ұсыныстар Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздерін нақтылау мен нығайтуға, жекелеген нормалардың құқықтық айқындығын арттыруға және құқық қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Ерекше назар Преамбуланы күшейтуге, құқықтық және зайырлы мемлекет қағидаттарын бекітуге, адам қадір-қасиетін, өмір сүру құқығын, жеке бостандық пен қол сұғылмаушылықты, сондай-ақ жеке өмір мен дербес деректерді қорғауға аударылды.

Ұсынылып отырған өзгерістер конституциялық нормалардың іс жүзінде қолданылуын күшейтуге және оларды түсіндіруде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған, – деп түйіндеді Снежанна Имашева.

Конституциялық комиссияның мүшелері жекелеген жұмыс секциялары шеңберінде Негізгі заңға ұсынылған түзетулерді талқылауға кірісті. Келесі отырыс бүгін сағат 16.00-де өтеді.

Тегтер: билікЗаңкомиссия отырысыКонституциялық реформаҚұқықсаясат
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған