F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Депутат экологиялық құндылықтарды Ата заңда ұлттық басымдық деп бекітуді ұсынды

F16 F16
26.01.2026, 19:59
Билік, Жаңалықтар, Заң, Саясат

Конституциялық реформа аясында қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысында айтты.

Депутат конституциялық реформа арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының заңды іргетасын қаланып жатқанын атап өтті.

Тарихқа үңілсек, бабаларымыз «Жеті жарғыны» қабылдағанда да, Күлтөбенің басында күнде кеңес құрғанда да, басты мақсат – елдің тұтастығы мен әділдігі болған. Бүгінгі біздің саяси реформадағы негізгі міндетіміз – халықтың мүддесін қорғайтын, уақыт сынына төтеп беретін мінсіз заңнамалық жүйе құру. Бұл − жай ғана құжаттарды реттеу емес, бұл − ел тағдырын шешетін жауапты қадам», — деді Серік Егізбаев.

Оның пікірінше, қабылданып жатқан әрбір норма болашақ ұрпақтың еркін де әділетті қоғамда өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Осы жолдағы ең басты стратегиялық қадам − бірпалаталы Парламент моделіне бет бұру және сайлау жүйесін толық пропорционалды негізге, яғни партиялық тізімдерге көшіру болмақ.

Бұрын депутат жеке тұлға ретінде ғана жауапты болса, енді ол үлкен саяси ұйымның, нақты идеология мен партиялық бағдарламаның атынан сөйлейді. Мемлекет басшысының өз квоталарынан бас тартып, өкілеттіліктерді Парламентке беруі − саяси партияларға артылған үлкен сенім әрі зор жауапкершілік, — деп толықтырды депутат.

Қаңтар айында «Ауыл» партиясының депутаттық тобы барлық 20 өңірді аралап, шаруалармен кездескен.

Тіпті ең шалғай ауылдардың өзінде тұрғындар Парламент пен Үкіметтің жұмысына мұқият назар аударып отыр. Ал Конституциялықреформа бойынша түскен екі мыңнан астамұсыныс — жай ғана статистика емес. Бұл — қоғамның жаңаруға, демократиялық бастамаларды күшейтуге және әділдікке деген тікелей сұранысы. Халық күтіп отыр, халық сеніп отыр және бұл үміттерді ақтамауға құқымыз жоқ. Халықтың аманаты бізден құқықтық жүйені жаңартып қана қоймай, оған түбегейлі жаңа, заманауи мазмұн беруді талап етеді, — дейді Комиссия мүшесі.

Сонымен бірге Мәжіліс депутаты экологиялық құндылықтарды Ата заң деңгейінде ұлттық басымдық ретінде бекітуді, Конституция преамбуласын жаңа редакцияда қабылдауды, 31-бапқа азаматтардың табиғатты сақтау міндетін енгізуді және 61-бап бойынша экологияны қорғаузаңдарын реттеу құзыретін нығайтуды ұсынып отыр.

Тегтер: билікЗаңКонституциялық реформақұрылтайпарламентсаясат
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған