Биылғы 6-8 ақпан аралығында Күршім ауданының Топтерек ауылында құсбегіліктен облыс чемпионаты өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Бүркітшілер сайысы ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы мен Күршім ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 30-ға жуық құсбегі қатысады деп жоспарланып отыр. Спорттық іс-шара бүркіт және қаршыға салу сынды екі негізгі бағытта өтіп, құстардың қырағылығы мен бапкерлердің шеберлігі сыналады.




