Облыс орталығында тағы қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, бүгін Өскемен аспанын тағы қою тұман басты. Үшінші күн қатарынан қолайсыз метеожағдай жарияланып, оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді.
30 қаңтар сағат 20:00-ден 31 қаңтар 20:00 аралығында Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту сақталады, – делінген хабарламада.




