F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚРКФ төрағасы: Жаңа Конституция – адам құндылығы жүйеден жоғары тұратын заң

F16 F16
05.02.2026, 09:04
Билік, Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Саясат
Фото: ҚРКФ Кәсіподақ коммуникация орталығы

Фото: ҚРКФ Кәсіподақ коммуникация орталығы

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша кездесу өтті. Іс-шараға федерация қызметкерлері мен Қазақстанның барлық өңіріндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Біздің елде ауқымды қоғамдық-саяси өзгерістер жүріп жатыр, олардың бастауы Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында қаланды. 2025 жылдың қазан айынан бастап арнайы комиссия парламенттік реформа бойынша жұмыс істеді, қазір бұл жұмыс конституциялық комиссия шеңберінде жалғасты. Осы кезең ішінде конституциялық реформа бойынша саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және ел азаматтарынан 2000-ға жуық ұсыныс түсті. Қарау ашық форматта өтіп жатыр. 30 қаңтарда Конституция жобасы жарияланып, қоғамда кеңінен талқыланды. Біздің бүгінгі талқылауымыз – бұл революция да, кенеттен жасалған демократиялық секіріс те емес. Бұл — көптеген мәселелердің бір ғана шешім қабылдау орталығына тәуелді болуынан құтылу әрекеті. Бұл жұмысшы, мұғалім, дәрігер мен кенші үшін неліктен маңызды? Себебі, билік бір адамға ғана бағынуды қойған жерде ортақ ережелер орнайды. Ал ережелер бар жерде еңбек адамының өз дауысын естіртуге заңды құқығы пайда болады, — деді Сатыбалды Дәулеталин.

Конституция жобасының негізгі ережелерін ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев таныстырды. Ол жобада көрініс тапқан биліктің саяси, халықаралық құқықтағы, цифрлық дәуірдегі құқықтар мен отбасылық құндылықтардағы өзгерістерге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде еңбек ету құқығы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Қолданыстағы Конституцияда «еңбек ету бостандығы» бекітілген, ал жаңа жобада – «еңбек ету құқығы» деп көрсетілген. Бұл екеуінің айырмашылығы үлкен. Еңбек ету бостандығы дегеніміз — ешкім жауапкершілік алмайтын жай ғана мүмкіндік екенін түсінуіміз керек. Ал Конституциядағы еңбек ету құқығы — мемлекеттің халықты жұмыспен қамтамасыз етуге тікелей жауапты болатынын білдіреді, — деп түсіндірді Нұрлан Өтешев.

Талқылау кезінде өңірлердегі әріптестер Негізгі заңның ұсынылған баптары туралы ойларын айтып, сұрақ қойды.

Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов Конституция жобасын талқылаудың ашық жүріп жатқанына тоқталды.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет негізгі заңның жобасы ашық талқыланып жатыр. Әрбір азаматтың Конституцияға өз ұсынысын қосуға мүмкіндігі бар. Бұл халық пікірінің қазір өте маңызды екенін көрсетеді, — деді Төлеген Күнәділов.

Алматы қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Зәуреш Өмірбаева, Шымкент қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеев және Қызылорда облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев бұл реформалардың ел болашағы үшін маңызы зор екенін айтты.

Кәсіподақтар федерациясының конституциялық комиссия жұмысына қатысуы — еңбекшілердің мүддесін қорғайтын мықты, құқықтық мемлекет құруға қосылған үлес, — деді Зәуреш Өмірбаева.

Қостанай облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова заң шығару бастамасына кімдер ие болатынын сұрады. Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев әлеуметтік серіктестердің бірлесіп жұмыс істеу мәселесін көтерді.

Сұрақтарға жауап бере отырып, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жобаның ең маңызды тұстарын атап өтті.

Жаңа Конституция — бұл мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін құратын және қарапайым азаматты қорғауға бағытталған жаңа қоғамдық келісім. Бұл жобаның негізі — адам. Онда өмір сүру, еңбек ету құқығы мен адам бостандығы нақты жазылған. Ережелер анық болса, еңбек адамының дауысы естіледі және ол әділдікке қол жеткізе алады. Жаңа Конституция — адам құндылығы жүйеден жоғары тұратын заң, — деді ҚРКФ төрағасы.

Заң шығару бастамасына тоқталған Сатыбалды Дәулеталин, енді бұл құқыққа Президент, Үкімет және Парламенттен бөлек, төртінші субъект — Халық кеңесі ие болатынын айтты.

Халық кеңесі арқылы кәсіподақтар заңдарды әзірлеуге және маңызды шешімдерге тікелей әсер ете алады. Бұл — біз пайдалануымыз керек үлкен мүмкіндік, — деді ол және Ұлттық құрылтай арқылы шешілген мәселелерді мысалға келтірді.

Көп жылдар бойы Үкіметпен келісе алмаған «Лайықты еңбек бағдарламасы» тек Құрылтайда айтылғаннан кейін алға жылжыды. Президенттің тапсырмасымен біз арнайы Жол картасын бекіттік. Енді Лайықты еңбек ұлттық бағдарламасын қабылдауға жақынбыз. Тағы бір маңызды іс — 131-ші Конвенцияны (ең төменгі жалақы туралы) ратификациялау. Бұл мәселені тәуелсіздік алғалы бері көтеріп келеміз, тек Құрылтайдан кейін ғана Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл жұмысшылардың жағдайын жақсартуға жасалған үлкен қадам. Сондықтан Халық кеңесі сияқты органдардың Конституцияда болуы өте маңызды. Бұл кәсіподақтардың рөлін күшейтіп, қоғамдық бақылауды жаңа деңгейге көтереді, — деді ҚРКФ Төрағасы.

Жалпы, Сатыбалды Дәулеталин Негізгі заңның кез келген мемлекет үшін қасиетті «Тәуелсіздік» пен «Егемендік» ұғымдарын нығайтатынын айтты. Конституцияның Кіріспесінде алғаш рет Қазақстан халқының Ұлы Дала өркениетінің мұрагері және бес мың жылдық мемлекеттілік тарихының жалғастырушысы екені нақты жазылған.

Жиын соңында Сатыбалды Дәулеталин әр азаматты Конституция жобасымен мұқият танысуға шақырды және кәсіподақ басшыларына бұл жұмысты еңбек ұжымдарында белсенді жүргізуді тапсырды.

Конституция қабылданған күннен емес, адамдар сол заңмен өмір сүрген күннен бастап жұмыс істейді. Бұл — ең қиын кезең. Негізгі заңның еңбек адамы үшін шынайы қорған болатыны немесе жай ғана қағаз болып қалатыны осыған байланысты. Конституция әркімге қатысты, сондықтан бейжай қалуға болмайды. Реформалар сәтті болуы үшін әрқайсымыз оның мәнін түсінуіміз керек, — деп түйіндеді ҚРКФ Төрағасы.

Тегтер: билікеңбек қатынастарыЗаңкәсіподақКонституциялық реформаРеформасаясат
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған