Биыл Қатонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
Қатонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысын биыл аяқтаймыз. Ол осы өңірлерде туризмді дамытуға қосымша серпін береді, – деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, Премьер-министр туризм саласында қарапайым қауіпсіздік стандарттары мен санитариялық нормаларды бұзу әлі де тыйылмай отырғаны айтты.
Туризм саласына қатысты орынды сын айтылып жатыр. Қарапайым қауіпсіздік стандарттары мен санитариялық нормаларды бұзу әлі де тыйылмай отыр. Осыған байланысты Туризм саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды қайта қарап, тиісті шараларды қабылдап жатырмыз, – деді Премьер-министр.




